"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы» бағдарламасы бойынша үстел теннисінен жарыс өтті

Нұр-Сұлтан  қаласының  №22  мектеп-гимназиясының спорт залында                2022 жылдың 09-10  сәуір аралығында  Нұр-Сұлтан  қаласының  білім  беру  қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы»  бағдарламасы  бойынша үстел теннисінен  жарыс  өткізілді.

Жарысқа  64 команда, жалпы  192 мұғалім  қатысты.  Жарыстың қорытындысы бойынша  бірінші  орынды  № 66  мектеп-лицейінің   командасы  жеңіп алса, күміс жүлдеге № 69 мектеп-гимназиясы, қола  жүлдеге  №59 мектеп-лицейі ие болды, ІV орында  №54  мектеп-лицейі.
1 үстел бойынша

1 орын – Кантеев Ғалым  №69 МГ 

2 орын – Хапар Баймұрат  №66 МЛ

3 орын – Хуандық Айман №59 МЛ                                                                           

2 үстел бойынша

1 орын –   Кабдрашева Аружан  №54 МЛ

2 орын – Атейхан Аксұңкар  №66 МЛ

3 орын – Макарова Марина  №59 МЛ

3 үстел бойынша                                                                                              

1 орын – Наурызбаев Дархан  №66 МЛ

2 орын – Қуандыков Ерлан №59 МЛ

3 орын – Балабеков Тұрлыбек  №69 МГ.