"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Астана қаласының құрамасы мұғалімдердің ІІІ Республикалық Спартакиадасына қатысты

2022 жылғы 1 - 4 қараша күндері аралығында Тараз қаласында мұғалімдердің ІІІ республикалық Спартакиадасы өтті. Бағдарламада футзал (ерлер), волейбол (ерлер, әйелдер) және үстел теннисі (ерлер, әйелдер) бойынша жарыстар өтті.

Спартакиадаға елорданың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерінен құралған осы спорт түрлері бойынша Астана қаласының құрама командалары үшінші рет қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша волейболдан ерлер және әйелдер құрама командалары қола медальға ие болды.

Құттықтаймыз!