"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттері арасында футзалдан жарыс аяқталды

2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 9-15 наурыз аралығында Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар арасында футзалдан жарыстар өтті.

Жарысқа Астана қаласының 19 колледжі қатысты (190 студент). Финалдық ойындар 2023 жылдың 15 наурызда № 56 мектеп-лицейінің спорт залында өтті.

Футзалдан қорытынды кесте (ұлдар)

Командалар

Орын

1

Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі

1

2

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

2

3

«Казақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі

3

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары колледж студенттерінің республикалық Спартакиадасында Астана қаласының атынан қатысады.