"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруыменен «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени – ағарту жобасы аясындағы «Алтын сақа» республикалық Олимпиадасы аяқталды.

Олимпиаданың ақтық кезеңіне жолдама жеңіп алған 9-11 сынып оқушылары Астана қаласының №24 орта мектебінде ү.ж. 8-9 желтоқсан күні жиналды.

Жарысқа 15- команда құрамасы қатысты. Оқушылар саны-90.

«Бес асық» ойыны бойынша Астана қаласының құрама командасы І орынға ие болды! Құттықтаймыз! 

«Асық ату» спорты бойынша:

I - орын Жамбыл облысы

II - орын Павлодар облысы

III- орын Қызылорда облысы

«Бес асық» ойыны бойынша:

I - орын Астана қаласы

II - орын Қызылорда облысы

III- орын Атырау облысы.