"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Мектеп оқушыларының Гимназиадасы аясында волейболдан жарыс аяқталды

2023 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының № 56 мектеп-лицейінде Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты мектеп оқушыларының Гимназиадасы шеңберінде ұлдар мен қыздар арасында волейболдан жарыс аяқталды!

Волейболдан мектеп оқушыларының Гимназиадасы жарыстары Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен 2023 жылғы қараша айынан ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 82 мектебінен 984 оқушысы қатысты.

 

Жарыс қорытындысы (қыздар):

4 орын - № 66 мектеп;

3 орын - № 83 мектеп;

2 орын - № 29 мектеп;

1 орын - № 16 мектеп.   

Жарыс қорытындысы (ұлдар):

4 орын - А. Байтұрсынов атындағы БИНОМ;

3 орын - № 60 мектеп;

2 орын - № 66 мектеп;

1 орын - № 4 мектеп.