"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Баскетбол Гимназиада награждение

Қалалық Гимназиада шеңберінде баскетбол жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

2023 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласының «Балалар баскетбол Академиясында» Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралары мен жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес, қалалық Гимназиада шеңберінде баскетболдан аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаз бен жүлдегерлер командаларының марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне елордамыздың «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы», «Байқоңыр» аудандарының ұлдары мен қыздары арасында баскетболдан жарыстардың жеңімпаз командалары, сондай-ақ Гимназиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаз бен жүлдегер командалары қатысты. Жалпы жарысқа 1524 оқушы қатысты.

Ұлдар арасындағы жарыс қорытындысы:

«Алматы» ауданы

1 орын - № 30 МГ

2 орын - № 32 МГ

3 орын - № 53 МЛ

 

«Сарыарка» ауданы

1 орын - № 61 МЛ

2 орын - № 1 МЛ

3 орын - № 60 МЛ

«Есіл» ауданы

1 орын - № 85 МЛ

2 орын - № 77 МГ

3 орын - № 66 МЛ

 

«Байқоңыр» ауданы

1 орын - № 54 МЛ

2 орын - № 27 МЛ

3 орын - № 87 МГ

 

Қалалық жарыс (қыздар)

1 орын - № 28 МЛ

2 орын- № 30 МГ

3 орын- № 27 МЛ

Қалалық жарыс (ұлдар)

1 орын - № 30 МГ

2 орын- № 61 МЛ

3 орын- № 32 МГ

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.