"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қазақ күресі-2023-жыл қорытындысы

Астана қаласы «QAZAQ KURESI» федерациясының 2023 жыл қорытындысы өтті

2023 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласы «QAZAQ KURESI» федерациясының 2023 жыл қорытындысы өтті. Аталған іс-шарада  Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нурлан Искандерович Тяженов қазақ күресінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Және де, «Үздік бапкер» жүлдесімен Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер  дене тәрбиесі орталығының «Қазақ күресі» секциясының бапкері Алтынбек Маратұлы Төленді, «Үздік жас балуан» жүлдесімен орталықтың тәрбиеленүшісі Бексұлтан Қанатұлы марапатталды.

Марапаттарыңызбен құттықтаймыз!