"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық шеберлік сағаты өткізілді

«ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларды өткізу жоспарына» сәйкес (12.09.2023 ж. білім басқармасының  №1934  бұйрығымен бекітілген) 2024 жылғы 6 қаңтарда № 71 мектеп-гимназиясында "Тәжірибе шеберханасы" жобасы аясында жас мамандар үшін № 71 мектеп - гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Айгүл Ажкенқызы Ысқақова шеберлік сағатын өткізді (біліктілік санаты "педагог-шебер").                        

Шеберлік сағатын өткізуге сондай-ақ, № 71 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімдері: Ысқақов Ержан Жиембетұлы , Хайдаров Айдос Таңатқанұлы, Бейсембаев Дархан Сарқытұлы қатысты.

Семинарға қатысушыларға дене шынықтыру сабақтарында оқытудың заманауи әдістері туралы материалдар ұсынылды.