"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» қалалық конкурс өткізу туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік іс - шаралар жоспарына (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) сәйкес ҚР ОАМ ҰҒПДТО «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсын өткізу туралы Ережені басшылыққа ала отырып, 29.02.2024 жылы «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» қалалық конкурсының екінші кезеңінің 1 - туры өтті. Конкурс кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі. Байқаудың негізгі қағидаттары ашықтық болып табылады, бағалау критерийлері, шешім қабылдаудың алқалылығы, барлық қатысушылар үшін жағдайдың теңдігі.  22.02.2024 жылы өткен конкурстың (сырттай) бірінші кезеңі аясында қазылар алқасы конкурсанттардың кәсіби портфолиосына сараптама жүргізді. Конкурсқа қатысу үшін, кандидатураларды ұсынуды білім беру ұйымдары жүзеге асырды. Конкурсқа қатысу үшін, ұйымдастыру комитетіне конкурсанттар келесі құжаттарды ұсынды: сауалнама-өтінім (қатысушы толтырады), пікір-сипаттама (білім беру ұйымының әкімшілігі береді), кәсіби портфолио (еркін нысанда). Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы конкурстың екінші кезеңіне (күндізгі) қатысу үшін конкурсқа қатысушыларды анықтады: 1.Жүсіпов Аслан Ғабделмажитұлы - 18 ОМ дене шынықтыру мұғалімі

  1. Тагиров Рафаэль Салаватович - 22 МГ мектеп дене шынықтыру мұғалімі
  2. Каресов Айбек Ерболатұлы - 24 ОМ дене шынықтыру мұғалімі
  3. Уажанов Мұрат Еркенұлы - 27 МЛ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
  4. Дорофеева Наталья Николаевна - 27 МЛ дене шынықтыру мұғалімі ШЛ
  5. Жұмашев Мәди Жексембайұлы - 60 МЛ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
  6. Нұржауов Рамазан Қайратұлы - 64 МЛ дене шынықтыру мұғалімі
  7. Мақсұтов Бижан Меңдебайұлы - 83 МГ мектеп дене шынықтыру мұғалімі
  8. Қайыпханов Нұржан Қайыпханұлы - 84 МЛ дене шынықтыру мұғалімі
  9. Қанатбек Нұрым - 96 МЛ дене шынықтыру мұғалімі