"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Оқушылардың дене шынықтыру және спорт бойынша «Дене шынықтыру - көмекші, спорт - ойын, бәріне айтайық дене шынықтыру - ура!» атты рефераттар байқауы өтті

«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2023 - 2024 оқу жылына арналған нұсқаулық - әдістемелік іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) 2024 жылғы 29 ақпанда №70 мектеп - лицейінде оқушылардың дене шынықтыру және спорт бойынша «Дене шынықтыру - көмекші, спорт-ойын, бәріне айтайық дене шынықтыру - ура!» атты рефераттар байқауы өтті. Конкурс оқушылардың дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеу қызметін насихаттау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі. Қойылған мақсатқа сәйкес конкурстың міндеттері айқындалды:

- қазіргі білім беру жағдайында дене шынықтыру бойынша зерттеулер саласындағы жұмыс тәжірибесін анықтау;

- дене шынықтыру саласындағы зерттеулермен айналысатын оқушылар мен педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;

- дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибені өзектендіру. Үздік жұмыстардың авторлары мен жетекшілері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы конкурсының ұйымдастыру комитетінің тиісті дәрежелі дипломдарымен марапатталды:

1 орын - № 14 МГ - Верскина София (жетекшісі Панфилова Е. А.)

2 орын - №14 МГ - Жаканова Томирис, Исмаилова Зарина (жетекшісі Панфилова Е. А.)

 3 орын - № 88 МЛ Орынбасар Ақзере (жетекшісі Дүйсенова С. Н.)

«Белсенді қатысқаны үшін» - № 14 МГ Мұхамбетов Димаш (жетекшісі Зәкір Х.)

 «Белсенді қатысқаны үшін» - № 75 ӨЖ Асылханұлы Абдурахман, Пугоева Максалина (жетекшісі Т.С. Әубәкірова).

Қатысушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау бойынша өзекті тақырыптарға рефераттар ұсынды).