"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Шахматтан «Ақбозат» атты турнирі өтті

Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2023 - 2024 оқу жылына арналған спорттық - бұқаралық күнтізбелік жоспарына сәйкес 2024 жылғы 28 ақпан - 1 наурыз күндері аралығында Астана қаласының №36 орта мектебінде Ұлттық мектеп лига бағдарламасында оқушылар арасында шахматтан «Ақбозат» атты турнир өтті. Жарысқа қала мектептерінің 5 - 11 сыныптардың 372 оқушысы қатысты. Жарыс қорытындысы: 5 - 6 сыныптар 1 орын - № 79 мектеп 2 орын - № 1 мектеп 3 орын - № 72 мектеп 7 - 8 сыныптар: 1 орын - РФМШ 2 орын - Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ 3 орын - БИЛ (ұлдар) 9 - 11 сыныптар: 1 орын - РФМШ 2 орын - № 1 мектеп 3 орын - А.Байтұрсынов атындағы бином Турнирдің ұйымдастырушысы: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.