"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасында үстел теннисінен жарыс аяқталды

2024 жылғы 4 - 6 наурызда Астана қаласының № 8, 22, 43 мектептерінде 5 - 6, 7 - 8, 9- 11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен Ұлттық мектеп лигасы аясында жарыстар өткізілді. Жарыс қорытындысы: 5 - 6 сыныптар: 1 орын - № 38 мектеп, 2 орын - № 83 мектеп, 3 орын - № 22 мектеп. 7 - 8 сыныптар: 1 орын - № 22 мектеп, 2 орын - № 62 мектеп, 3 орын - № 81 мектеп. 9 - 11 сынып: 1 орын - № 10 мектеп, 2 орын - Ә. Бөкейхан атындағы БИНОМ, 3 орын - № 60 мектеп. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталды.