"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Мектепке дейінгі нұсқаушылар арасында асық ату мен бес тастан жарыс өтті

Қазақстанның барлық аумағында 14 - 23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтуіне байланысты және Астана қаласында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 14 наурызда №24 орта мектебінде Астана қаласының мектепкуе дейінгі дене шынықтыру нұсқаушылары арасында Ұлттық спорт ойын Спартакиадасы аясында асық ату мен бес тас ойындары бойынша жарыс өтті. Жарысқа елордамыздың 5 ауданынан («Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр», «Нұра») 50 адам қатысты. Жарыс қорытындысы: Бес асық 1 орын - «Сарыарқа» ауданы, 2 орын - «Нұра» ауданы, 3 орын - «Алматы» ауданы, 4 орын - «Байқоңыр» ауданы, 5 орын - «Есіл» ауданы. Асық ату: 1 орын - «Байқоңыр» ауданы, 2 орын - «Сарыарқа» ауданы, 3 орын - «Алматы» ауданы, 4 орын - «Есіл» ауданы, 5 орын - «Нұра ауданы». Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, Астана қаласының асық ату федерациясы, Астана қаласының әдістемелік орталығы.