"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған ойындар» ашық сабағы өтті

2024 жылдың 14 наурызында Астана қаласының № 5 мектеп-гимназиясында 3 «Е» сыныбында дене шынықтыру мұғалімі Эльвира Дамирқызы Халиеваның ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған ойындар». Сабақ барысында мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын және тұлғаға бағытталған технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, қойылған мақсаттарды сәтті жүзеге асыра алды.