"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» қалалық байқау өткізу туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік іс-шаралар жоспарына (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, ҚР ОАМ ҰҒПДТО «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсын өткізу туралы Ережені басшылыққа ала отырып, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында 2024 жылғы 15 наурызда №64 мектеп-лицейінде «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» қалалық байқаудың кезекті кезеңі өтті. Байқау кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі.
Байқаудың негізгі қағидаттары - ашықтық, бағалау критерийлері, шешім қабылдаудың алқалылығы, барлық қатысушылар үшін жағдайдың теңдігі болып табылады. Ашық дене шынықтыру сабағын Астана қаласының №64 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімі Нұржауов Рамазан Қайратұлы өткізді.