"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында «Наурыз шуағы» мерекесіне арналған тоғызқұмалақтан жарыс аяқталды

«Наурыз шуағы - 2024» бірыңғай ауқымды іс - шараларды өткізу жоспары және 2023 - 2024 оқу жылына арналған нұсқаулық - әдістемелік, спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс - шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде 2024 жылғы 11 - 13 наурыз аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың қалалық Гимназиадасы бағдарламасында тоғызқұмалақтан аудандық және қалалық жарыстар өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 50 мектебінен 150 қатысушы қатысты. Финалдық ойындар № 80 мектеп - гимназиясында өтті.

Аудандық жарыстардың қорытындысы:

«Сарыарқа» ауданы

1орын - 80 мектеп

2 орын - 56 мектеп

3 орын - 40 мектеп

4 орын - 18 мектеп

 

«Есіл» ауданы

1 орын - БИНОМ Қ.Сәтбаев

2 орын - 59 мектеп

3 орын - БИНОМ Ә.Бөкейхан

4 орын - 78 мектеп

«Алматы» ауданы

1 орын - 37 мектеп

2 орын - 86 мектеп

3 орын - 32 мектеп

4 орын - БИНОМ А. Байтұрсынов

 

«Байқоңыр» ауданы

1 орын - 55 мектеп

2 орын - 10 мектеп

3 орын - 23 мектеп

4 орын - 5 мектеп

Қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Қ. Сәтбаев атындағы БИНОМ командасы, II орынды - №86 мектеп - гимназия, III орынды - №78 мектеп - гимназия, ІV орынды - №59 мектеп - лицей командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.