"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2022»
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мемлекеттік білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту,
орта, техникалық және кәсіптік, қосымша және арнайы білім беру) арасында «Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2022» қалалық
байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін үздік
интернет-ресурстарды (сайттарды) анықтау және танымал ету. Байқауға білім беру ұйымдарынан 62 өтінімдер келіп түсті. Сараптамалық
комиссияның қорытындысы бойынша жеңімпаз ұйымдар анықталды:
Қосымша білім беру ұйымдары:
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы – 1 орын;
«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы – 2 орын;
№2 музыка мектебі – 3 орын;
№1 өнер мектебі – 3 орын.
Арнайы білім беру ұйымдары:
№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – 1 орын;
№3 арнайы мектебі – 2 орын;
№2 арнайы мектебі – 3 орын.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі – 1 орын;
Техникалық колледж – 2 орын;
Жоғарғы медициналық колледж – 3 орын.
Орта білім беру ұйымдары
№67 мектеп-гимназия – 1 орын;
№10 мектеп-гимназия – 2 орын;
№46 балабақша-мектеп кешені – 2 орын;
№75 мектеп-гимназия – 3 орын;
№30 мектеп-гимназия – 3орын.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
№86 «Зияткер» балабақшасы – 1 орын;
№19 «Балбөбек» балабақшасы – 2 орын;
№41 «Балдырған» балабақшасы – 3 орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!