"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Султаналиев Адлет Сагитович

Султаналиев Адилет Сагинтаевич

 

Директордың спорттық-бұқаралық жұмыс эөніндегі орынбасары Султаналиев Адлет Сагитович «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығындағы еңбек жолын 2012 жылдан бастаған. Саладағы педагогикалық еңбек өтілі 14 жылды құрайды, соның ішінде басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 2 жыл 11 ай.


Адлет Сагитович – өз қызметіне тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, білікті, әріптестері арасында абыройлы беделге ие  мамандардың бірі.


Ақпараттық технология құралдарын, графикалық редактор кешенді бағдарламаларын жетік меңгерген. Қалалық және республикалық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуде, жас мамандар үшін нұсқаулық-әдістемелік семинарлар ұйымдастыруда  әріптестерімен үнемі тәжірибе алмасып келеді.


Адлет Сагитович – Орталықтың кәсіподақ комитетінің төрағасы, Спартакиада жарыстарының бас төрешісінің орынбасары. Өз  жұмысындағы кәсібилігі мен қабілеттілігі бағаланып, Орталық әкімшілігі, Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Білім және ғылым министрлігі тарапынан алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталған.