"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Тяженов Нурлан Искандерович


Тяженов Нурлан Искандерович
– 1999-2006 жылдары қаланың № 38, 24, 56 мектептерінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап Білім басқармасында әдіскер жұмысын атқарды. 2009 жылы «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры болып тағайындалды.


Тяженов Нұрлан Искандеровичтің есімі «Елорда білім жүйесінің алтын қоры» құрмет кітабына жазылған.


Марапаттары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР ДТҰҒПО-ның, спорт түрлері бойынша федерациялардың грамоталары және алғыс хаттары;


2010 – 2011 және 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Үздік қосымша білім беру ұйымы» номинациясы бойынша Астана қаласы әкімнің гранты иегері болып атанды.


Өз жұмысында Нұрлан Искандерович салауатты өмір салтын насихаттау мен оны елге әйгілеуді, дене тәрбиесі және спортпен  айналысуды  дамыту жағдайын туғызуға үлкен мән береді. Оқу орындарында дене шынықтыру бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын қамтамасыз ету және жақсарту үшін үлкен үлесін қосып келеді.


Орталықтын спорт секцияларының тәрбиеленушілері мен оқытушылар құрамы -  Халықаралық және Республикалық конкурстардын бірнеше мәрте қатысушылары және жеңімпаздары.