"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында «Ашық есік күнін» өткізу туралы ақпарат

Ата-аналар мен білім алушыларды қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ білім беру қызметтерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың 31 наурызында «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында Ашық есік күні өткізіледі.
Іс-шара аясында:
қосымша білім берудің негізгі бағыттары мен бағдарламалары таныстырылады;
секцияларға қабылдау мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырылады;
ата-аналардың педагогтермен және орталық әкімшілігімен өзара байланысы қамтамасыз етіледі;
қабылдау шарттары, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (ЕБҚ) арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат беріледі;
кәсіби бағдар беру және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шара ақпараттық-кеңес беру сипатында өтеді және барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық әрі қолжетімді болады.

Өткізу күні: 2026 жылғы 31 наурыз
Өткізу уақыты: сағат 10.00-18.00
Өткізу орны: «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 4/4

  


«Үздік дене тәрбиесі мұғалімі-2026»

Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2025–2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес (2025 ж. 22.08. №1915 Білім басқармасының бұйрығымен бекітілген) «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі» байқауының қалалық конкурсының ақтық кезеңін 2026 жылғы 10 сәуірде №116 орта мектебінде ұйымдастырып, өткізді.

Қатысушыларымыз барлығы 3 кезеңнен тұратын жауапты сайыстардан өтті.

Бірінші кезеңде сайыскерлердің кәсіби портфолиоларына талдау жасалды.
Екінші кезеңде педагогтардың кәсіби шеберлігі:
«Спорт – көмекші, спорт – ойын, алақай дейміз бәріңе» спорттық-бұқаралық іс-шара (презентация) өткізу;
«Педагогикалық идеялар панорамасы» – өз педагогикалық тәжірибесін көрсету;
– «Дене тәрбиесі мен спорт – ең үздік педагог» ашық сабақтар өткізу сияқты айналымдар бойынша сыналды.
Ақтық кезеңде шығармашылық «Дене шынықтыру» «ВИЗИТКА»,
«ВИВАТ дене шынықтыру!» – сүйікті пәнге арнау.

Осы сайыстардан жиналған ұпай сандарын қорытындылай келе жеңімпаздарымыз анықталды.

Гран-при – №82 мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сексенов Ерполат Турдыбаевич
І орын – №32 мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Утрукпаев Дмитрий Николаевич
ІІ орын – №67 мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сулекеев Кенжеболат Каппасович
ІІІ орын – №32 мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мусенова Айсулу Абаевна
ІV орын – №15 мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бектемир Ерлан
V орын – Ы.Алтынсарин атындағы BINOM мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Калиев Сакен Сарбаевич

 



АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ

 Қалалық мектеп лигасының бағдарламасында волейболдан жарыс

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Өтетін орны: «Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе - жек Сарайы», Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 43

Өтетін күні: 12 ақпан 2026 жыл

Уақыты: 11.00

Байланыс телефоны: + 7 (771) 375-2973, +7 (701) 294-6496

  • 2025-2026 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 7-8, сынып оқушылары арасында (ұлдар,қыздар) қалалық мектеп лигасының бағдарламасында волейболдан ақтық жарыстар ұйымдастырылып, өткізіледі!
  • Жарысқа 7-8 сынып оқушылар арасында 8 команда қатысады (қыздар арасында: А.Байтұрсынов атындағы БИНОМ, №52 МГ, №66 МЛ, №98 МЛ, ұлдар арасында: Қадыр Мырза Әлі атындағы БИНОМ, №4 МГ, №66 МЛ, №78 МГ).
  • Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталады.
  • Ойын бағдарламасы (12 ақпан 2026 ж.):

Ойындардың басталуы - сағат 11.00.

Марапаттау рәсімі - сағат 13.00.

 


Концепция проведения физической зарядки

Атауы Жүктеу
1 Сергіту сәті


  • www.rnmc.kz - Республиканский научно-методический центр
  • www.kursovik.kz - Профессиональная база научных и курсовых работ
  • www.azbyka.kz - Информационно-просветительский портал "Азбука"
  • www.45minut.kz - Сайт научно-образовательных трудов учителей
  • www.kaz-tili.kz - Изучение казахского языка (грамматика)
  • www.moi-mir.kz - Справочник "Гармоничное развитие детей"
  • www.matematik.kz - Сайт математиков на казахском
  • www.adebiet.kz - Сайт мировой и казахской литературы
  • obrazovanie.kz - Журнал "Современное образование"
  • www.zox.kz - Рефераты на казахском языке
  • www.univision.kz - Обзор вузов, институтов Казахстана
  • www.postupionline.com - Информационный портал для поступления в вузы
  • www.uchi.kz - Образовательное сообщество Казахстана
  • www.bolashak.kz - Образование по программе «Болашак»
  • www.essay.kz - Помощь в выборе профессии, университета