"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

2016-2017 о.ж. корытынды акпарат

2016-2017 оқу жылында

Астана қаласы білім беру ұйымдарының спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру шаралары мен жарыстарына қатысу қорытындысы туралы

АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына, Мәдениет және спорт министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" атты Ұлт жоспарының "Бірегейлік пен бірлік" атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес сыныптан тыс уақытта балалардың дене шынықтырумен айналысуын тиімді ұйымдастыру, қозғалыс белсенділігі мен денсаулығын нығайту мақсатында, Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы балаларды спорттық-бұқаралық шаралармен қамтитын  кешенді жүйе құрды:

-        ТжКБ ұйымдары мен жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары үшін  - «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты білім беру ұйымдары оқушыларының қалалық Спартакиадасы (спорттың 11 және 10 түрінен),

-        7-8 сынып оқушылары үшін – «Ынта» түрлі деңгейлі жарыстары (спорттың 9 түрінен) мен «Бариада – Мектеп лигасы» жарыстарын (спорттың 13 түрінен),

-        5-7 сынып оқушылары үшін «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдарын және спорттың 5 түрінен білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасынан кешенді түрдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп келеді.

жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының Спартакиадасы аясында спорттың 10 түрінен ақтық жарыстар өткізілді: кросс, футбол, жазғы Президенттік көпсайыс, баскетбол (қыздар, ұлдар), шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, волейбол (қыздар, ұлдар), тоғызқұмалақ және спорттың 11 түрі бойынша кәсіптік лицей және колледж оқушылары арасындағы ақтық жарыстар: футбол, қысқы және жазғы Президенттік көпсайыс, баскетбол (қыздар, ұлдар), волейбол (қыздар, ұлдар), үстел теннисі, шаңғы жарысы, кросстан өтті.

Спартакиада үш кезең бойынша өткізіледі:   I кезең -  мектепішілік , IІ кезең - аудандық, III кезең – қалалық ақтық жарыстар.

Мектеп оқушыларының Спартакиадасына жалпы білім беру ұйымдарынан 6675 оқушы қатысты.

     Спартакиадаға жалпы білім беру ұйымдарының қатысу көрсеткішінің арта түскенін атап кеткен жөн. 2016-2014 оқу жылында Спартакиадаға 76 (90,4%.)  мектептен 672 құрама команда қатысты. Спорттың 10 түрі бойынша өткізілген жарыстардың барлығына –60,5% (46 білім беру ұйымдары) №1,2,3,4,5,6,7,8,13,15,16,18,23,24,25,28,30,31,32,35,37,38,40,44,48,49,50,53,54,56,57,58,59,60,61,62,63,64,66,67,68,69,74,76,78,84). Спортың сынақ (9) түрінен қатысушылар үлесі 76,3%  (58 білім беру ұйымдары). Аталған жарыстарға қатысу көрсеткіштерінің деңгейі 3 мектепте  төмен болды (№ 41,42,43,47,55,75). Соның ішінде оқушылар санының аздығына байланысты № 42, 43, 47 мектептер.

Спорттың барлық міндетті түрінен (жазғы Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ) қатыспаған №: 17,22,29,34,41,42,43,45,47,51,52,55,71,75,77,79,83 мектеп командалары болды.

2016-2017 оқу жылындағы мектеп оқушыларының қалалық Спартакиадасына қатысушы құрама командалардың саны:

  • кросстан-98,6% (75 беру білім ұйымы)
  • футболдан-89,4% (68 беру білім ұйымы)
  • баскетбол ұлдар -90,7% (69 беру білім ұйымы)
  • баскетбол қыздар -82,8% (63 беру білім ұйымы).
  • волейбол ұлдар – 93,4% (71 беру білім ұйымы)
  • волейбол қыздар -90,7% (69 беру білім ұйымы)
  • шаңғы спорты – 85,5% (65 беру білім ұйымы)
  • қысқы Президенттік көпсайыс -81,5% (62 беру білім ұйымы)
  • тоғызкұмалақ – 85,5 % (65 беру білім ұйымы)
  • жазғы Президенттік көпсайыс-85,5% (65 беру білім ұйымы)

Мектептер арасында жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды - № 32 мектеп-гимназя, екінші орынды - № 27 мектеп-лицей, үшінші орынды - №  6 гимназия, төртінші орынды – № 69 мектеп-гимназия, бесінші орынды - № 60 мектеп-лицей, алтыншы орынды - № 1 мектеп-лицей командасы жеңіп алды.   

2016-2017 оқу жылындағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары оқушыларының қалалық Спартакиадасындағы спорттың 11 түрінен өткен жарыстарға 25 колледжден 232 құрама команда құрамында 1876 бала қатысты.

Спартакиада жарыстарына барлығы 25 колледж қатысты (71,4%). Спорттың барлық түрінен қатысу көрсеткіші 48% (12 білім беру ұйымы: АПК, АГК, Көлік және коммуникация колледжі, Кәсіптік техникалық колледж, ТЭК, ЕАГИ колледжі, Технологиялық колледж, Технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі,          ҚазТБУ, МПК, Қаржы академиясының колледжі).

      Спорттың сынақ (10) түрінен өткен жарыстарға қатысушылар көрсеткіші 48% (12 білім беру ұйымы).

2016-2017 оқу жылында жарыстарға қатысушы құрама командалар саны:

  • футболдан -96,0% (24 білім беру ұйымы)
  • үстел теннисі -84,0% (21 білім беру ұйымы)
  • тоғызқұмалақ - 92,0% ( 23 білім беру ұйымы)
  • жазғы Президенттік көпсайыс -56,0% (14 білім беру ұйымы)
  • баскетбол ұлдар -96,0% (24 білім беру ұйымы)
  • баскетбол қыздар -84,0% (21 білім беру ұйымы)
  • волейбол ұлдар -96,0% (24 білім беру ұйымы)
  • волейбол қыздар - 88,0% (20 білім беру ұйымы)
  • қысқы Президенттік көпсайыс -68,0% (17 білім беру ұйымы)
  • шаңғы жарысы -76,0% (19 білім беру ұйымы)
  • күзгі кросс-92,0% (23 білім беру ұйымы)

Кәсіптік білім беру ұйымдары арасында командалық бірінші орынды Гуманитарлық колледж командасы, екінші орынды Политехникалық колледж командасы, үшінші орынды Көлік және коммуникация колледжі командасы, төртінші орынды Кәсіптік техникалық колледж командасы, бесінші орынды Қаржы академиясының колледж  командасы жеңіп алды.

2016-2017 оқу жылында дәстүрлі түрде жетінші рет өткізілген білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасы спорттың бес түрінен (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, шаңғы жарысы, туристтік көпсайыс) өтті. Оған 216 құрама команда құрамында барлығы 1462 педагогикалық ұжым қызметкерлері қатысты. Жалпы командалық есепте № 40, 76, 84, 24, 56 мектептер үздік деп танылды.

     Әртүрлі деңгейлік «Ынта» жарыстары спорттың 9 түрінен: баскетбол (қыздар, ұлдар),  стритбол (қыздар, ұлдар), үстел теннисі, қазақ күрес, гір спорты, армреслинг, конькимен жүгіру, футбол (2 жас категориясы). Мектептерден 406 команда,  колледждерден 79 командадан барлығы 2655 жас спортшы жарысқа қатысты.

     Оқу жылының барысында Барсиада – мектеп лигасы бағдарламасы бойынша спорттың 13 түрінен өткен жарыстарға, сонымен қатар спорттың ойын түрлері (волейбол, баскетбол, футбол, кросс, шаңғымен жүгіру, қысқы және жазғы Президенттік көпсайыс) бойынша турнирлерге. 498 құрама командалар құрамында барлығы 5520 оқушы қатысты.

        «Дидарлы жаз» қозғалмалы ойындар жарыстарына маусымдар бойынша сәйкесінше 5, 6, 7 сынып оқушыларынан құрылған командалар қатысты. Әр командада 20 бала болады. Барлық маусымдарға қатысушылар саны 3040 бала, соның ішінде 280 бала қалалық ақтық кезең қатысушылары. Жалпы командалық есепте №:3,40,28,30,22 мектеп командалары үздік деп танылды.

 «Астана – есірткісіз қала» аймақтық бағдарламасы мен шаңғы спортын дамыту Концепциясы аясында оқу жылы барысында спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Мектеп оқушылары жыл сайын ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «Үздік мәдениеттілік - ол спорт, шынығу, денсаулық!» Акциясы мен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлттық ойындар – асыл мұрамыз» турниріне қатысып отырады. Акция барысында әр түрлі өткізу формалары (спорттық жарыстар, қозғалмалы ойындар, турнирлер, көңілді старттар, тақырыптық диспуттар, эссе, өлең, суреттер мен плакаттар сайысы) қолданылды. Жалпы мектептік сапқа тұрулар, фузкультминуттар, викториналар, бейне-роликтер мен слайд-презентациялар сайысы өткізілді. Акцияға барлығы 48 білім беру ұйымы қатысты. 247 іс-шара өткізіліп, оған 37366 оқушы қатысты. «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу, денсаулық!» Акциясы қорытындысы бойынша  №:14,18,6,5,19,3,15,70,32,31,27,28,44,10. мектеп ұйымдастырушылары бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марпатталды.

 «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» ұлттық ойындар турнирі 2016 жылғы 08-15 желтоқсан аралығында өткізілді. Турнир бағдарламасы бойынша жүзік ату, асық ату, бес тас, ләнгі тебу, гір көтеру,  аркан тартыс сияқты ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өткізілді. Аталмыш турнир шеңберінде қазақ күресінен «Мектеп барысы» турнирі дәстүрлі түрде өтті.  Жарыстарға 48 мектептен 189 команда қатысып, 727 оқушы қамтылды. Жалпы командалық есепте № 57,10,54,66,24 мектеп командалары үздік деп танылды.

«Өмірлік жолда- спорттық адыммен» спорт фестивалі мен мектептер мен колледж оқушылары, білім беру жүйесі қызметкерлерінің арасында халықтың дене дайындығы деңгейін анықтайтын Президенттік тест сынамалары түрлерінен жарыстары өткізілді. Спорт фестивалінің аудандық кезеңіне  «Алматы» ауданынан 14 команда ( 5, 8, 22, 27, 28, 31, 42, 44, 52, 53, 57 63, 72, 74), «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан 8 команда (3, 14, 15, 40 , 59, 62, 65, 66) қатысты. Спорт фестиваліне барлығы 440 бала (аудандар бойынша сәйкесінше 280, 160) қатысты. Мектеп және колледж оқушылары, білім беру жүйесі қызметкерлерінің арасындағы халықтың дене дайындығының Президенттік тест сынамаларынан өткен жарыстарға барлығы 32364 адам қатысты. Мектепішілік жарыстардың қорытындысы бойынша Президенттік деңгей  нормативін 4 адам, Ұлттық деңгей нормативін 6 адам тапсырды.

Спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дәстүрлі түрде мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге арналып спорттық – бұқаралық іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізіледі. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу, денсаулық!» Акциясы, ҚР Тәеулсіздігі күніне орай «Ұлттық ойындар – асыл мұрамыз» турнирі,  8-наурыз күніне орай мектептердің қыздар командалары арасында волейболдан турнир, Қазақстан халықтарынның бірлігі күніне орай дзюдо күресінен, каратэ мен таеквондодан «Достық кубогы» турнирі болса, жеңіл атлетикалық эстафета Жеңіс күніне арналып өткізіледі. Халықаралық балаларды қорғау күнінде стритболдан, ал Спорт күнінде футболдан жарыстар өткізіледі. ҚР Конституциясы күнінде »Халық добынан» турнир өткізіледі.

Оқу жылында Орталық тарапынан жас спортшылардың түрлі деңгейдегі 33 жол жүру жарыстарына 364 спортшының қатысуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде Мектеп және колледж оқушыларының ҮІІІ Республикалық жазғы спартакиадасы бағдарламасы бойынша  12  спортшы (велоспорт, маутинбайк), ал 55 спортшы  VIII қысқы Республикалық Спартакиада бағдарламасы бойынша (спорттық бағдарлау, коньки, шаңғы) жарыстарына, «Coca cola Былгары доп» Республикалық турниріне -39 жас футболшы, Мектеп Лигасы бағдарламасы бойынша республикалық кезеңге қатысуға - 79, әскери-қолданбалы спорт түрлеріне - 54, жекпе-жек күрестерден (дзюдо, таеквондо т.б.) Республикалық және аймақтық деңгейдегі жарыстарға -82, спорттың өзге түрлерінен өткен Республикалық жарыстарға – 41, оның ішінде «Мен Чемпион» телевизиялық ойынының республикалық финалдық ойындарына қатысу үшін -26 бала жіберілді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен гір көтеру спортынан халықаралық турнирге 2 қатысушының қатысуы қамтамасыз етілді.

Мектеп және колледж оқушыларының ҮІІІ қысқы Республикалық Спартакиадасы бағдарламасы бойынша өткен (қысқы Презденттік көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, шорт трек, конькимен жүгіру, шайбалы хоккей, футзал ұлдар, қыздар) жарыстарға және Астана қаласында өткен «Coca –cola Былғары доп  (ересектер тобы)» Республикалық турнирі жарыстарына 98 жас спортшы қатыстырылды. 18 оқушы 5-8 сыныптар арасында өткен асық атудан  «Алтын сака» Республикалық турниріне, ал 15 бала шахматтан «Ақбозат» Республикалық турниріне қатысты.  Орталықтың спорттық секциясында тәрбиеленуші 122 бала 12 қалалық жарыстарға қатысып. Оның 38-і жүлделі орындағы ие болды. Орталықтың 93  тәрбиеленушісі 15 Республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, 11-і жүлделі орын алды. Халықаралық деңгейдегі дарыстарға қатысқан 10 баланың 5-і жүлдегер атанды. 

Назарбаев Университеті спорт кешенінде өткізілген «Баскетбол» Мектеп лигасы» ойындарының жабылу салтанатына 147 команданың мектептердің 18 құрама командасы мен колледждердің  6 командасы қатысты. 96 команданың жас баскетболшыларына қалалық баскетбол Федерациясы тарапынан ойын формасының жиынтығы табысталды. 

Футбол Федерациясының бастамасымен 2016-2017 оқу жылында футзалдан 3 жас категиясында мектеп лигасы өткізіліп, оған 149 мектеп командалары мен 8 колледж командалары қатысты. Бұл жарыстар № 40, 56,59,69 мектептердің спорт залдарында өтті.

 Қатысушы командалардың ойыншыларына Футбол Федерациясы ойын формасының жиынтығын табыстады.

Оқу жылының барысында Орталық қала мектептерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу рейтингін жүргізеді. Аталмыш рейтинг қорытындысы бойынша үздік дене шынықтыру мұғалімдері мен ұжымдары жыл сайынғы білім қызметкерлерінің тамыздық кеңесінде Білім басқармасының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталады.

2016-2017 оқу жылында өткізілген барлық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының  қорытындысы бойынша онда барлығы 95130 бала қамтылған.  Соның ішінде:

  • Мектеп және колледж оқушыларының қалалық Спартакиадасы – 6675 және 1876 бала;
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасы – 1465 адам;
  • «Ынта» түрлі деңгейлі жарыстары – 655 бала;
  • «Барсиада –Мектеп лигасы» - 5520 бала, оның ішінде Сосо соІа Былғары доп – 1950 бала;
  • «Астана – есірткісіз қала» - 1001 бала;
  • «Дидарлы жаз» - 3040 бала;
  • Президенттік тестілеу – 32364 бала;
  • Өзге де спорттық шаралар – 40597 бала, оның ішінде «Үздік мәдениеттілік –спорт, шынығу, денсаулық» акциясы – 37366 бала. .

Қалалық деңгейде барлығы 73 шара өткізілді.