"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

2017-2018 о.ж. корытынды акпарат

2017-2018 оқу жылында

Астана қаласы білім беру ұйымдарының спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру шаралары мен жарыстарына қатысу қорытындысы туралы

АҚПАРАТ

2016 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім және ғылымды дамыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 2016 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» бағдарламасына, Мәдениет және спорт министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты 2025 жылға дейін  дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Сәйкестік пен бірлік» бағытының шеңберінде, оқушыларды сабақтан тыс уақытта қатыстыруға тиімді, қол жетімді жолдарды іздеу және мектеп жасындағы балалардың дене дайындығы, қозғалыс әрекеті және денсаулықты нығайту бойынша жұмысты белсендету үшін Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы түрлі жастағы балаларды кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамту бойынша жүйе құрды: колледж бен   9-11 сынып оқушылары үшін- «Біз қазақстанның болашағымыз!» білім беру ұйымдары оқушыларының Қалалық спартакиадасы (спорттың 12 және 10 түрі сәйкесінше), 7-8 сыныптар  - «Ынта» түрлі деңгейлік жарыстар (спорттың 10 түрі)  және Барсиада-мектеп лигасы (спорттың 16 түрі), 5-7 сыныптар үшін - «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдары. Жыл сайын спорттың 5 түрі бойынша Астана қаласы білім беру жүйесі қызметкерлері арасында Денсаулық спартакиадасы өткізіледі.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар, жарыстар мен дене шынықтыру-сауықтыру жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес Спартакиада шеңберінде мектеп және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында оқушылар арасында 10 түрі бойынша ақтық сайыс өткізіледі: кросс, футбол, Президенттік жазғы көпсайыс, баскетбол (қыздар, ұлдар), шаңғымен жүру, Президенттік қысқы көпсайыс, волейбол (қыздар, ұлдар), тоғызкұмалақ және ақтық сайыстар спорттың 12 түрі бойынша колледж оқушылары мен кәсіптік лицейлер арасында: футбол, Президенттік қысқы және жазғы көпсайыс, баскетбол      (қыздар, ұлдар),   волейбол (қыздар, ұлдар), тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шаңғы жарыстары, кросс, қазақ күресі.

Спартакиада   3 кезеңде өткізіледі:   I  –  кезең - мектепішілік, II-кезең аудандық, III – қалалық ақтық жарыстар. 

Мектеп оқушылары спартакиадасында жалпы білім беру ұйымдары 6653 оқушысы қатысты.

Жалпы білім беру ұйымдары қатысуының оңтайлы динамикасын айта кеткен жөн, 2017-2018 оқу жылында  спартакиадада 77 меткептен 676 құрама команда қатысты -91,6% ( белгілі себептермен қатыспайтын мектеп-кешендер –балабақша және бастауыш мектептер № 12,26,33,39 және мамандандырылған мектептер № 9, 81,82).

 Спорттың барлық 10 түрі бойынша жарыстарға қатысқан - 62,3% ( 48 білім беру ұйымы: №1,2,3,5,6,7,13,15,16,18,22,23,24,25,28,30,31,32,35,37,38,40,44,46,48,

49,50,52,53,54,56,57,58,59,60,61,62,63,64,65,66,67,68,71,72,76,83,84).    Спорттың сынақтық (9) түрінде қатысқан:  74,0 % ( 57 білім беру ұйымы).

2017-2018 оқу жылы Мектеп оқушыларының спартакиадасы бойынша сайыста ұсынылған құрама командалар саны:

  • -кросс бойынша-92,2% (71 білім беру мекемесі)
  • -футболдан -96,1% (74 білім беру мекемесі)
  • -баскетбол ұлдар-90,9% (70 білім беру мекемесі)
  • -баскетбол қыздар -79,2% (61 білім беру мекемесі).
  • -волейбол ұлдар – 85,7% (66 білім беру мекемесі)
  • -волейбол қыздар -92,2% (71 білім беру мекемесі)
  • -шаңғы спорты – 85,7% (66 білім беру мекемесі)
  • - Президенттік қысқы көпсайыс-80,5% (62 білім беру мекемесі)
  • -тоғызкұмалақ – 89,6 % (69 білім беру мекемесі)
  • -Президенттік жазғы көпсайыс-85,7% (66 білім беру мекемесі).

Жалпы білім беру мектептері арасында жалпы командалық есепте 1 орын алған  № 32 мектеп-гимназия командасы, 2 орын алған команда –№ 37 орта мектеп, 3 орын -  № 6 гимназия командасы, 4 орын- № 27 мектеп-лицей,  5 орын -  № 35 мектеп-лицей командасы, 6 орын - № 24 орта мектеп командасы.  

Спартакиаданың 12 түрі бойынша қалалық сайыста 1877 оқушы, жалпы  238 құрама команда құрамында  24   колледж қатысты.

Спартакиаданың жарыстарына барлығы 24  колледж қатысты -68,5%  (35 ТИПО) . Спорттың барлық түрлерінен қатысты- 50,0% (12 білім беру мекемесі: АПК, АГК, АКТК, ПТК, ТЭК, колледж ЕАГИ, техникалық колледж, КТСПП,КАФ,ҚТжҚК,Каз АТК, КЭиС).

Спорттың сынақтық (11) түрінде қатысқан: 54,1 % (13 білім беру мекемесі).

2017-2018 оқу жылында сайыстарда көрсетілген құрама командалар саны:

  • -футболдан-95,8% (23 білім беру мекемесі)
  • -үстел теннисі-100% (24 білім беру мекемесі)
  • -тоғызқұмалақ- 87,5% ( 21 білім беру мекемесі)
  • -Президенттік жазғы көпсайыс-87,5% (21 білім беру мекемесі)
  • -баскетбол-87,5% (21 білім беру мекемесі)
  • -баскетбол қыздар-75,0% (18 білім беру мекемесі)
  • -волейбол ұлдар-95,8% (23 білім беру мекемесі)
  • -волейбол қыздар- 91,6 % (22 білім беру мекемесі)
  • -Президенттік қысқы көпсайыс-58,3% (14 білім беру мекемесі)
  • -шаңғы жарысы-62,5% (15 білім беру мекемесі)
  • -күзгі кросс-87,5% (21 білім беру мекемесі).

Білім берудің кәсіптік және техникалық ұйымдары арасында 1 жалпыкомандалық орынды  Гуманитарлық колледж командасы алды, 2 орын Көлік және коммуникациялар колледжінің командасы, 3 орын Политехникалық колледж командасы, 4 орын Қаржы Академиясы колледжінің командасы, 5 орын Кәсіптік-техникалық колледж командасы.

  Спорттың 5 түрі бойынша білім беру жүйесі қызметкерлерінің Денсаулық спартакиадасы 9 рет өтті (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, шаңғы жарыстары мен туристік көпсайыс). Спорттың түрлері бойынша 251 құрама команда құрамында 1804 педагогикалық қызметкерлері бар жарыстарға қатысты. Жалпы командалық есепте келесі мектеп командалары үздік атанды №: 40, 76,84,24,56.

«Ынта» түрлі деңгейлік жарыстарда спорттың 10 түрі бойынша өтті: шахмат, үстел теннисі, конькимен жүгіру, қазақ күресі, гір спорты, армреслинг, футбол (екі жастық), стритбол (ұлдар, қыздар). Жалпы саны 2236 спортшы  мектеп және колледжден 301 команда қатысты, оның ішінде 86 команда  колледжден. 

              Жыл сайын баскетбол, волейбол, футбол (ұлдар) және футзал бойынша қалалық федерациялармен бірлесіп, үш жас тобында (5-6сын., 7-8сын., 9-11сын.) ұлдар мен қыздар арасында бұл спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. «Мектеп лигасы» бағдарламасы шеңберінде жарыс өткізудің қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылында спорттың ойын түрлері бойынша 6931 қатысушыны және 572 құрама команданы құрады.

          2017-2018 оқу жылы Астана қаласы Білім басқармасының спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының қалалық күнтізбелік жоспарына сәйкес үш жас тобында (5-6сын., 7-8сын., 9-11сын.) ұлдар мен қыздар арасында баскетбол, волейбол, футбол (ұлдар) және футзал бойынша жарыстар өткізілді.

        «Кока-кола былғары доп» футболдан жарыстарға 129 команда және 1935 қатысушы, үш жас тобында (2007-2008 ж.т., 2005-2006 ж.т., 2003-2004 ж.т.) қатысты.

        «Алтын доп» баскетболдан жарыстарға 160  команда және 1920  қатысушы үш жас тобында (2005-2006ж.т., 2003-2004ж.т., 2000-2002ж.т.) қатысты.

        «Шұбар доп» волейболдан жарыстарға 123 команда және 1476 қатысушы екі жас тобында (2005-2006ж.т., 2003-2004ж.т.) қатысты.

        «Теңбіл доп» футзалдан жарыстарға 160  команда және 1600  қатысушы, үш жас тобында (2002-2003ж.т., 2004-2005ж.т., 2006-2007 ж.т.) қатысты.

В соревнованиях по подвижным играм « Дидарлы жаз 2018 », соответственно по сезонам, принимают участие команды  5,6 и 7  классов общеобразовательных школ  города Астаны. Состав команды 20 детей.  Количество участников соревнований всех сезонов составило 3860 учащихся от  78 школ в т.ч. 360 участников городских финальных соревнований. Победителями городских финальных соревнований среди чемпионов подгрупп первого сезона «Дидарлы жаз 2018»  стали команды школ №: 3,30,40,38,23,79,66,54. Победителями городских финальных соревнований среди чемпионов подгрупп второго сезона «Дидарлы жаз 2018»  стали команды школ №: 40,3,30,28,49,44,59,78. Победителями городских финальных соревнований среди чемпионов подгрупп третього сезона «Дидарлы жаз 2018»  стали команды школ №: 40,30,3,62,44,66,54,24. Победителями проекта «Дидарлы жаз 2018»   по итогам всех сезонов стали команды школ №:40,3,30,44,66.

 «Дидарлы жаз 2018» қозғалмалы ойындар бойынша сайыстарда, сәйкесінше кезеңдер бойынша, Астана қаласы білім беру мектептерінің 5-7 сыныптары командалары қатысады. Команда құрамы 20 бала.  Барлық кезеңдер сайыстары қатысушыларының саны 78 мектептен 3860 оқушыны құрайды, оның ішінде қалалық ақтық сайыстың 360 қатысушысы. «Дидарлы жаз 2018» бірінші кезең кіші топтары арасында қалалық ақтық сайыс жеңімпаздары болып №: 3,30,40,38,23,79,66,54 мектеп командалары болды.  «Дидарлы жаз 2018»  екінші кезең кіші топтары арасында қалалық ақтық сайыс жеңімпаздары болып №: 40,3,30,28,49,44,59,78 мектеп командалары болды. «Дидарлы жаз 2018»  үшінші кезең кіші топтары арасында қалалық ақтық сайыс жеңімпаздары болып №: 40,30,3,62,44,66,54,24 мектеп командалары болды.

 «Дидарлы жаз 2018» жобасының қорытындысы бойынша жеңімпаздары №:40,3,30,44,66 мектептер командалары болды.

Мектеп оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру- бұл үздік мәдениет!» акциясына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық ойындар- асыл мұрамыз» ұлттық ойындар сайысына жыл сайын белсенді қатысады.  Барлығы Акцияда 43 білім беру ұйымы қатысты. 126 іс-шара өткізіліп, оған 26004 оқушы қатысты. Акция ұйымдастырушыларының  естелік дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен №:50,6,5,18,31,3,14,28 мектептер марапатталды.

 «Ұлттық ойындар-асыл мұрамыз» ұлттық және халық ойындарының сайысы 2017 жылғы 08-15 желтоқсан аралығында өтті. Сайыс бағдарламасы бойынша ұлттық ойындардың келесі түрлері бойынша жарыс өткізілді: жүзік ату, асық ату, бес тас, ләңгі тебу, гір көтеру,  арқан тартыс. Сайыс шеңберінде «Мектеп барысы» қазақ күресінен дәстүрлі түрде сайыстар өтті. Сайыстарға 64 қала мектебінен барлығы 184 команда қатысты. Қатысушылар саны 874 оқушыны құрды. Жалпы командалық есепте үздік болып №: 24,18, 35,54,64 мектептер командалары болды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Астана-арена» стадионында президенттік тесттен сайыс өткізілді. Тест нормативтерін № 13,19,25,32,35,44 мектеп оқушылары орындай алды.  Он оқушы Тұңғыш  Президент тесттерінің жоғары сыйларын және сыйлықтарын алып қана қоймай, ҚР Мәдениет және спорт минитстрлігі Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің төрағасы  Елсияр Канагатов, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, Пекиндағы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы Асхат Житкеев сөздерін тыңдады.

         Қала метептерінің 4,7,9,11 сынып оқушылары, яғни 33616 оқушы Тесттердің "Шымырлық пен ептілік" , "Спорт ізбасарлары" , «Күш пен батылдық» сатыларын өткізуге қатысты. Президенттік және Ұлттық деңгейін де сәйкесінше орындады.

Сонымен қатар күнтізбелік жоспарға сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралар, сайыстар мен дене шынықтыру-сауықтыру сайыстары, мемлекеттік мерекелер мен айтулы оқиғаларға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі,  оның ішінде спорттық жекпе-жектер бойынша Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған турнир «Достық кубогі», Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафеталар, Халықаралық балаларды қорғау күніне - стритболдан сайыстар, Спорт күніне арналған – футболдан жарыстар, ҚР Конституциясы күніне арналған «халық доптан» сайыс.

Сонымен қатар орталық  IX жазғы Республикалық мектеп және колледж оқушыларының спартакиадасы бағдарламасы бойынша жарыстарға 114 спортшы 26 шығу жарыстарына 268 спортшы-оқушының спорттың 11 түрінен қатысуын қамтамасыз етті, оның ішінде асық ату, волейбол (қыздар, ұлдар), баскетбол, самбо, үстел теннисі, садақ ату, тоғызқұмалақ, стенд ату, каратэ, құзға шығу.  88 оқушы Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасының жарыстарына қатысты, оның ішінде волейбол (ұлдар, қыздар), хоккей, баскетбол, футзал, футбол.

 «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының дзюдо спорттық секциясының 40 тәрбиеленушісі 6 Республикалық шығу жарыстары мен чемпионаттарына қатысты.

Орталық спорттық секциясының 242  тәрбиеленушісі 18 қалалық сайысқа қатысты, олардың ішінде орын алғандар-76. Орталық спорттық секцияларының 77  қатысушы 13 Республикалық жарысқа қатысып, олардың ішінде 19 жүлделі орын алды. Орталық спорттық секцияларының 11 тәрбиеленушісі  2 Халықаралық жарысқа қатысып, олардың ішінде 3 жүлделі орынға ие болды.

    Жыл ішінде орталық мектептердің қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу мониторингін өткізеді. Өткізілген мониторинг нәтижелері бойынша қатысу рейтингінің үздік көрсеткіштері («Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы» жоспары бойынша):

-әдістемелік-нұсқаулық іс-шараларда  № 18,24,22,35,54,59,74,14,64,15 мектептер.

-спорттық-бұқаралық іс-шараларда № 32,37,30,71,27,54,4,24,18,35.

 Өткізу ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  кубок, медаль, сәйкес дәрежелі естелік дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Рейтинг қорытындылары бойынша Астана қаласы педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы тамыз кеңесін өткізу шеңберінде Білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен үздік ұжымдар мен дене тәрбиесі мұғалімдері марапатталады.

2017-2018 оқу жылының қорытындылары бойынша өткізілген барлық спорттық-бұқаралық, жене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары жарыстарының қорытындылары бойынша қатысушылар саны 85392 оқушыны құрды, оның ішінде келесі бағдарламалар бойынша:

-мектеп және колледж оқушыларының қалалық Спартакиадасы - 6653 және 1877 сәйкесінше

- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің Денсаулық спартакиадасы-1804 қатысушы

- «Ынта» түрлі деңгейдегі жарыстар мен Мектеп лигасы -2236  және 6931 сәйкесінше, оның ішінде Cocа cola Былғары доп -1935 қатысушы

-«Астана-есірткісіз қала!»-27082 , оның ішінде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру –бұл үздік мәдениет!» акциясы -26004 қатысушы

-«Дидарлы жаз»-3860 қатысушы

-басқалары- 34849 қатысушы, оның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасының тесттерін тапсырушылар-33616

Қалалық деңгейде барлығы 67 іс-шара өткізілді.