"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Біз туралы
  • Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің “Шығыс” балалар мен жасөспірімдер орталығы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2006 жылы құрылды.

 

  • Орталықтың мақсаты:

- тұлғаның бой-бітімі мүмкіндіктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасау, салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру;

-елжандылыққа және патриоттыққа, өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;

-өскелең ұрпақпен сабақтан тыс уақытта және каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру.

 

  • Міндеттері:

-балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау үшін дене шынықтыру-сауықтыру, спорт-бұқаралық және әскери-спорт жұмыстарын үйлестіру;

-спорт түрлері бойынша қаланың білім ұйымдарының оқушылары арасында қалалық спартакиадалар, фестивальдер, олимпиадалар, конкурстар, жарыстар мен турнирлер, оның ішінде кешенді жарыстар ұйымдастыру және өткізу;

-колледж студенттерінің республикалық қысқы және жазғы спартакиадаларын, спорт түрлері бойынша жарыстармен турнирлерге, әскери-спорт ойындарына қатысу;

мектепке дейінгі ұйымдардағы спорт нұсқаушылары үшін, білім ұйымдарындағы дене тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық оқытушылары үшін оқытудың мақсатты кешенді бағдарламалары мен жаңа технологияларын, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және енгізу.