2021-2022 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары негізінде Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы» басталды.
2022 жылғы 24-28 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің спорт залдарында волейболдан жарыстар өтті
(құрамы - 3 ер адам, 3 әйел адам).
28 наурызда финалдық ойындар №56 мектеп-лицейінде өтті.
Жарыстардың қорытындылары:
1 орын - № 65 мектеп-гимназиясы
2 орын - № 52 мектеп-гимназиясы
3 орын-БИНОМ - "Сарыарқа"
4 орын- № 74 мектеп-гимназиясы
Барлығы 71 мектептің командалары, 852 қатысушы қатысты.
2022 жылғы 29-30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының № 86 мектеп-гимназиясының спорт залында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Жарыстардың қорытындылары:
1 орын - № 83 мектеп-лицейі
2 орын - № 89 мектеп-гимназиясы
3 орын-№54 мектеп-лицейі
4 орын- № 60 мектеп-лицейі
Барлығы 60 мектеп командалары, 180 қатысушы қатысты.
Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында үстел теннисі, шағын футбол, кросс және туристік слёт-семинар өтеді.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/284-n-r-s-ltan-alasyny-bilim-beru-zh-jesi-yzmetkerlerini-densauly-spartakiadasy-bastaldy.html#sigFreeIdf07775aea1