2026–2027 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 қарашада Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Жарысқа 22 колледж (88 студент) қатысты. Финалдық ойындар Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде өтті.
Қорытынды кесте
| № | Колледждер | Орын |
|---|---|---|
| 1 | Международный колледж имени М. Жумабаева | 1 |
| 2 | Высший колледж «ASTANA POLYTECHNIK» | 2 |
| 3 | Высший педагогический колледж Международного университета «Астана» | 3 |
| 4 | Высший колледж транспорта и коммуникаций | 4 |
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.


















