"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Білім беру қызметкерлерінің VІ Республикалық Спартакиадасы аяқталды

2026 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша күндері аралығында Алматыда білім беру қызметкерлерінің VI республикалық Спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға 17 облыстан және Республикалық маңызы бар 3 қаладан 1 300-ге жуық педагог қатысты. Қатысушылар спорттың 9 түрінен бақ сынасты. Спартакиада бағдарламасына волейбол, футбол, 3×3 баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату кірді. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының оқытушылары жекелеген спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды:
Тоғызқұмалақ:
* II орын-Астана қаласы
Бес асық:
* III орын — Астана қаласы
3×3 Баскетбол (ерлер):
* III орын — Астана қаласы.
Құттықтаймыз!!!