"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Орталықтың спорт секцияларын қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету туралы АҚПАРАТ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы

 

Орталықтың спорт секцияларын

қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету туралы

АҚПАРАТ

Қашықтықтан оқытуға көшу туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығын басшылыққа ала отырып, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттарды жинау,  мұғалімдермен қатысушыларға қажетті ресурстарды пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Мұғалімдер арасында әдістемелік кеңес өткізіліп, қашықтықтан оқытуды өткізуге қатысатын заңды өкілдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Спорттық секция жұмысының ерекшелігін ескере отырып, қатысушылар үшін ең  ыңғайлы WhatsApp желісі арқылы жұмыс форматын қолдануға және ұстаздар арасында топтық WhatsApp желісі жасақталып, онда қажетті ақпараттарды орналастыруға шешім қабылданды:

- мәтіндік хабарламалар арқылы  WhatsApp желісіне жаттығулар жиынтығы мен олардың мөлшерін көрсететін жоспарлар;

- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған білім беру ресурстарының веб сайтары және  YouTube, Facebook, Вконтакте, Инстраграмм әлеуметтік желілеріне жаттығулар мен тапсырмалар жиынтығын видео түсірілімдерін  сілтеме жасай отырып, видео сабақтарын орналастыру;

Оқу жаттығу сабақтарын жаттықтырушылар WhatsApp желісімен дауыстық видео түсірілім арқылы өткізеді және қажет болған жағдайда қатысушылармен жеке кеңестер береді.

Алғашқы сабақтарда жаттықтырушылар мен нұсқаушыларға коронавирустық инфекцияның алдын алу мен адамдарға көмек көрсету жаттығуларын өткізу ұсынылды. 

Жаттықтырушылардың жұмысына сәйкес оқу журналдарын уақытылы толтыруды және орталықтың веб сайтына қашықтықтан оқыту туралы ақпараттарды орналастыру қажет екенін ескертілді.

Оқу жылы аяқталғанға дейін күнтізбелік іс шаралар жоспарына сай, қашықтықтан қатысуды қамтамасыз ету үшін оқушылар арасындағы жарыстар онлай нұсқада Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы қатысуға мүмкіндіктері бар.