Қалалық колледж студенттері Спартакиадасының
бағдарламасында футболдан жарыс аяқталды
Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты қалалық колледж студенттері Спартакиадасының шеңберінде футболдан жарыс өтті.
Футболдан колледж студенттері Спартакиадасының жарыстары 2026 жылғы 29 қыркүйек - 8 қазан күндері аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 24 колледждерінен 360 оқушы студент қатысты.
Жарыс қорытындысы:
4 орын- «Қызмет көрсету және туризм колледжі»
3 орын - М. Тынышпаев атындағы «Астана ALT көлік колледжі»
2 орын - «Қазақстандық - Швейцария-Американдық колледжі»
1 орын - Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі.
«Үздік ойыншы» номинациясының жеңімпаздары:
Уткуров Руслан - «Қызмет көрсету және туризм колледжі»
Жакупов Темірлан - М. Тынышпаев атындағы «Астана ALT көлік колледжі»
Қайпбеков Жанболат - «Қазақстандық - Швейцария-Американдық колледжі»
Болатбек Қасым - «Астана» халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, диплом, медальдарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/833-alaly-kolledzh-studentteri-spartakiadasyny-ba-darlamasynda-futboldan-zharys-aya-taldy-2.html#sigFreeId254fb0aac0


















