"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Ұстаздар күніне» арналған «Жұлдызды шашу - 2026» мерекелік іс-шара

«Ұстаздар күніне» арналған «Жұлдызды шашу - 2026»
мерекелік іс-шара


2026 жылдың 1 қазан күні «TANYM» көпфункционалды кешенінде 2025-2026 оқу жылының қорытындысын шығаруға арналған «Жұлдызды шашу - 2026» мерекелік іс-шара өткізілді. 
Бағдарламада Астана қаласының білім беру мекемелерінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізіліп, концерттік нөмірлер көрсетілді. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның, Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы. Осы іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен «TANYM» көпфункционалды кешенінің ұжымына алғыс білдіреміз!