"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Қалалық нұсқаулық-әдістемелік кеңес өтті

2023 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК №38 мектеп-лицейінде «Елорданың білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің жай - күйі және даму перспективалары туралы» тақырыбында қалалық нұсқаулық-әдістемелік кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Кеңеске «Өркен» БЖДТО басшылығы мен қызметкерлері, Астана қаласы мектептері мен колледждерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.