Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының» 2026-2027 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес (Білім басқармасының 05.08.2026 ж. № 2120 бұйрығымен бекітілген), 2026 жылғы 29 қазанда № 108 жайлы мектепте аттестатталатын педагогтердің тәжірибесін жинақтау бойынша «Есіль» - «Нұра» ауданы мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинар өтті.
«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары Ғалия Ғабдулманапқызы Искакова, «Есіль»- «Нұра» ауданының балалар мен жасөспірімдер дене дайындығы клубының меңгерушісі Губайдуллин Нурбек Айтжанович семинар– практикумның модераторлары болды.
Семинардың теориялық бөлімінде дене шынықтыру мұғалімдері: Әжентаев Ерлан Егізбайұлы («Дарынды қыз балаларға арналған БИЛ), Дарменшеев Жанибек Молдалиевич (№ 108 ж ЖОМ), Сембекулы Канат (№111 ЖОМ), Шолан Бағлан Мұратұлы (№ 115 ЖОМ), Жунусов Олжас Оралбекович (№ 8 ЖМЛ), Қайпханов Нуржан Қайпханұлы (№84 ЖМЛ), Сарыпбеков Нургали Мамыраймович (№ 79 ЖМЛ), Алшымбаева Шолпан Айтуаровна (№ 111 ЖОМ), Нугманов Руслан Сайрашович (№111 ж ЖОМ), Егеубаев Руслан Сапаргалиевич (№ 108 ЖОМ), Кадыров Нурхат Асхатович (№111 ЖОМ), Сентірбекова Гульвира Жанибековна (№ 88 ЖМЛ), Мешитбаев Серик Темиржанович (№111 ЖОМ), Мырзабаев Ербол Төлендіұлы (№ 115 ЖОМ) спикерлер болды.
Қатысушылардың назарына келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды: «Дене тәрбиесі сабағында, эстетикалық тәрбиені қалыптастыру»,«Дене шынықтыру сабағында STEAM элементтерін қолдану», «Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби қабілеті арқылы оқушыларды жарысқа дайындау ерекшеліктері», «Волейболда иновациялық әдістерді қолдану», «Футбол ойыны арқылы оқушылардың командалық жұмысқа бейімделу», «Жылдамдық пен төзімділік жетістіктің кепілі», «Қозғалмалы ойындардың дене дамуына әсері», «Инклюзивті дене шынықтыру Nordic Walking (скандинавиялық жүріс) элементтерін енгізу арқылы түзету - дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігі», «Қазақ күресінің дене шынықтыру сабағындағы маңыздылығы»,«Асық ойындары – ұлттық құндылықтарды дене тәрбиесі арқылы қалыптастырудың тиімді құралы», «Бестемше ойыны мен ережелері», «Тоғызқұмалақ – оқушылардың логикалық және стратегиялық ойлау қабілетін дамытудың тиімді құралы», «Тоғызқұмалақ дене шынықтыру сабағындағы маңыздылығы», «Ұлттық Бала Толағай ойындарын сабақта қолдану».
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы» түсіндіруге ерекше назар аударылды. Спикерлерге семинар-практикумға спикер ретінде қатысқандарын растайтын тиісті сертификаттар табысталды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/839-dene-shyny-tyru-m-alimderi-shin-alaly-seminar-praktikum-tti.html#sigFreeIdac82858216


















