2019 жылғы 28 маусымда сағат 11.00де №83 мектеп гимназияда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және 2018-2019 оқу жылы бойынша «Шығыс» БЖО жұмыс қорытындысын шығару жөнінде кеңес өтті. Кеңеске қатысу үшін дене шынықтыру пәнінің аға ұстаздары және АӘД мұғалімдері шақырылды. Сонымен қатар кеңес барысында ұстаздардың ақы төлеу, еңбек шарттары талқыланды. Шақырылған спикерлердің бірі Оқушылар сарайының директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы болды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/119-aza-standy-tardy-l-au-atyny-sui-tabys-pen-t-rmys-sapasyn-arttyru.html#sigFreeId3c79e83adf