2020 жылдың 6 наурыз күні қаламыздың дене тәрбиесі мұғалімдерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Жыл сайын ересектермен жасөспірімдердің суға кету жағдайлардың көбейуіне байланысты, елдегі су айдындарында жазатайым жағдайлардың алдын-алу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында білім беру ұйымдары қатысушыларына суда жүзудің негізгі дағдыларын үйрету бойынша тиімді шараларды қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бірлескен семинар-кеңесі өткізілді. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің подполковнигі Раймбеков Эльдар қатысып, оқушылармен жетекшілерге суда жүзудің негізгі дағдыларын үйрету бойынша оқу сабақтарын өткізуге өз тарапынан барлық көмектерін көрсететіндерін айтып өтті.