2020 жылдың 4-5 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласының «Жекпе-жек» Сарайында Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы мен Qazaq kuresi Академиясы қазақ күресін оқытатың, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнайы теориялық және практикалық семинар өткізді. Сала мамандары тарапынан қазақ күресінің 100 сағаттық оқулығы дайындалды. «Алтын ұрпақ» бағадарламасы аясында ағымдағы оқу жылында пилоттық жоба негізінде Нұр-Сұлтан қаласында 21 мектепте дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі вариативті негізінде енгізілді.
Семинар барысында оқытушыларға «Қазақ күресінің даму бағыты», «Секцияға арналған бағдарламамен танысу», «Медициналық сақтықтар мен талаптар», «Әлеуметтік желідегі ұлттық күрестің үлесі» тақырыптарында дәріс оқылды. Қазақ күресін мектеп арқылы жас ұрпақтың санасына сіңіретін оқытушылардың бағдарламаға, жалпы пәнге қатысты сауалдары мен ұсыныстары талқыланды. Сондай-ақ, аталған пәнді оқытатын мамандарға ҚР ұлттық құраманың бас бапкері бастаған жаттықтырушылар құрамы арнайы күрес залында шеберлік сағатын өткізді. Күрес ережелері, мектеп балаларының денсаулығына залал келтірмеу, мектептегі күрес жаттығулары тұрғысынан тәжірибелік кеңестер берілді.
Бағдарлама сынақтан өтіп, толығып, жетіліп, алдағы уақытта Қазақстанның барлық мектептерінде қолданысқа енеді деп күтілуде. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Qazaq kuresi қауымдастығына, Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы мен Qazaq kuresi Академиясына алғыс білдіреді! '
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/175-aza-k-resinen-seminar-tti.html#sigFreeId32341d999e