Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Бүкіл Қазақстанға гүлдену мен оның барлық тұрғындарына денсаулық тілейміз!
Ізгі ниетпен: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы