"Спорт, денсаулық, дене шынықтыру - ең үздік мәдениет!»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған
акцияны өткізу қорытындысы туралы
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына және "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығының " Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-үздік мәдениет!" атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2020 жылдың 27-28 қарашасында қала мектептерінде өтті.
Акцияны ұйымдастыру кезінде әртүрлі өткізу түрлері пайдаланылды: спорттық он-лайн жаттығулар мен жарыстар, көңілді старттар, эстафеталар (кезекші сыныптардағы оф-лайн), спорттық флэшмобтар мен челлендждер, шығармалар мен эсселер конкурстары, суреттер, плакаттар, буклеттер, рефераттар мен шығармашылық қолдан жасау конкурстары. Сонымен қатар сынып сағаттары, жаттығулар мен дене шынықтыру минуттары, тақырыптық викториналар, Спорт және салауатты өмір салты туралы бейнероликтер мен слайд-презентациялар конкурстары өткізілді. Акция шеңберіндегі іс-шараларды өткізу кезінде # nsducakciya хэштегтері қолданылды ; # ns_bilim_1dekabry және акция аясында өткізілетін мектептің барлық іс - шараларына арналған хэштег - # ns (мектеп№) akciya
Білім беру ұйымдары акция шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы қорытынды ақпаратты, мектеп басшысы бекіткен акция өткізу жоспарының сканварианттарын және тиісінше оны өткізу туралы қорытынды ақпаратты, сондай-ақ өткізілген акция материалдары орналастырылған интернет ресурстарға белсенді сілтемелерді тіркей отырып, тақырыптық презентациялар түрінде ресімделді.
Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері іс-шаралар нысандарының саны мен әртүрлілігі, сондай-ақ акцияға қатысқандардың мектептердегі оқушылар санына пайыздық қатынасы бойынша анықталды.
Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге 31 мектеп және 1 колледж қатысты.
Алматы ауданы: №№ мектептер: 13,29,30,37,44,48,51,52,64,70,74,83,86
Сарыарқа ауданы: №№: 6,19,20,25,46 мектептер
Есіл ауданы: №№: 66,81,84,85 мектептер
Байқоңыр ауданы: № № мектептер: 8,10,16,23,27,49,55
Акция аясында барлығы 182-ден астам іс-шара өткізілді.
Акцияға қатысушылар саны 16815 оқушыны құрады.
Естелік дипломдармен және бағалы сыйлықтармен келесі мектептер марапатталды:
- белсенді қатысқаны үшін № 6 мектеп марапатталды
- үшінші орын үшін № 10 мектеп марапатталды
- екінші орын үшін № 5 мектеп марапатталды
- бірінші орын алғаны үшін № 83 мектеп марапатталды