11-12 ақпан күндері №32 МГ атыс тирі базасында Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің бастапқы әскери-техникалық дайындық ұйымдастырушыларының оқытушылары арасында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 32 жылдығына арналған пневматикалық қарудан оқ атудан қалалық турнир өткізілді.Турнирге қатысушылар үш жас топтары бойынша жарысты: 35 жасқа дейін, 45 жасқа дейін және 50 жастан жоғары. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Жарысқа қатысушылардың алдында Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушысы Бахтияр Найманов - №23 орта мектептің бастапқы әскери-техникалық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы және тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының қатысушысы Асқар Шимпеев-№54 мектеп-лицейінің бастапқы әскери-техникалық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сөз сөйледі.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/189-au-anstannan-skerlerdi-shy-aru-rmetine-arnal-an-zharys.html#sigFreeIde7dbf8b924