2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Сабақтан тыс спорт сабақтарын, оның ішінде волейбол бойынша спорт секцияларын ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдары» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар ZOOM платформасында өткізілді. Вебинарда келесі сұрақтар көтеріліп, талқыланды: 1) «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің ағымдағы жағдайы туралы» - Тяженов Нұрлан Искандерұлы - «Шығыс» БЖО директоры;
2) «Нұр-Сұлтан қаласында волейболдың дамуы туралы» - Олжабаев Дулат Байболатұлы - №5 БЖСМ волейбол жаттықтырушысы;
- «Жас волейболшылардың дене шынықтыру негіздері» - Қайынбердиева Жанар Бауыржанқызы - №18 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
- «Ойын ережелері, жарыстарды өткізу әдістемесі және волейболда төрешілік ету туралы» - Әбенов Мұрат Түктібайұлы - №80 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Модератор: Аяшев Садық Ақыласұлы - «Сарыарқа» ауданының дене шынықтыру дайындығы балалар мен жасөспірімдер клубының меңгерушісі.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/191-n-r-s-ltan-alasynda-volejboldy-damytu-bojynsha-vebinar-tkizildi.html#sigFreeId9dc2954cf7