2021 жылдың 11-12 наурызында №32 мектеп - гимназиясының атқыштар тирінде Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған "Мерген арулар" пневматикалық винтовкадан атудан жыл сайынғы қалалық турнир өткізілді. Қатысушылар №8 нысана бойынша пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындауда жарысты.
Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте 3-орынды №56 мектеп-лицейінің командасы (команда жетекшісі Б.Байболатов), екінші орынды №32 мектеп-гимназиясының командасы (команда жетекшісі А. Руденко) және жарыс жеңімпазы №3 мектеп-гимназиясының командасы (команда жетекшісі Г. Камышев) алды. Жеке есепте жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, сондай-ақ жүлдегер командалар тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталды.