Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовтың төрағалығымен өткен Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 20.04.2021 жылғы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің, алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 19.05.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Балалардың суда қаза болуына жол бермеу бойынша басты профилактикалық шаралардың бірі ретінде балаларды жүзуге жаппай оқыту» тақырыбында вебинар өтті. Мақсатты топ: Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру мұғалімдері, алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар. Модератор: Тяженов Нұрлан Искандерұлы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры. Спикер: Ахметалин Бауыржан Нұрланұлы-Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері. .
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/206-vebinar-po-massovomu-obucheniyu-detej-plavaniyu-2.html#sigFreeIdbce62b7472