2021 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Алтын ұрпақ» жобасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінде ұлттық спортты насихаттау және дамыту жолдары» тақырыбында вебинар өтті.Вебинардың мақсаты: дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұлттық спортты дамыту және насихаттау.Мақсатты топ: жалпы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелерінің мұғалімдері.Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:1) «Арқа Алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының қызметі туралы»;2) «Тоғызқұмалақ ұлттық ойынын оқыту әдістемесі» (3-4 сыныптар);3) «5-11 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламасының вариативтік бөлігінде қазақ күресі элементтерін пайдалануды таңдау курсы»;4) «Асық ойыны» факультативтік курс бағдарламасы (1-2 сыныптар);5) «Ұлттық ойындар негізінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру».
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/229-altyn-rpa-zhobasyn-zh-zege-asyru-bojynsha-vebinar.html#sigFreeId9cf75eb9aa