"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Астана дарыны кубогы-2021»

«ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы Бас жүлденің иегері!!!

2021 жылғы 29-30 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығына, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 15 жыл толуына орай, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «Астана дарыны кубогы - 2021» кешенді спорт жарысы өткізілді. Волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен өткен жарыстарына Нұр-Сұлтан қаласының 10 білім ұйымы қатысты. Кешенді жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы І орын жеңіп алып - Бас жүлдеге ие болды!!! Шын жүректен құттықтаймыз!!!