"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Білім беру мекемелерінің ағартушылық қызметі мақсатында білім алушылардың салауатты өмір салтына ұмтылысын қалыптастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2021 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!" акциясын ұйымдастырып, өткізеді. 

 

     Акцияның негізгі міндеттері - балалар мен жасөспірімдер үшін салауатты өмір салтының адам тұлғасының қалыптасуындағы маңызын көрсету болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында білім беру мекемелерінің дене шынықтыру – сауықтыру, спорттық қызметін танымал ету.Акцияға білім беру ұйымдарының барлық оқушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары, педагогтары, жұртшылық қатыса алады. 

 

  Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері іс-шаралардың әртүрлілігі, ұсынылған презентациялар, акцияға қатысқандардың білім беру мекемелеріндегі білім алушылар санына пайыздық арақатынасы бойынша анықталады.

 

Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ белсенді қатысушыларНұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.