2022 жылғы 2-16 ақпан және 17 ақпан - 5 наурыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласының №16 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылына арналған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңі шеңберінде қыздар мен ұлдар арасында волейболдан ақтық жарыстары аяқталды!
Қыздар арасында лига жарысына 42 команда, 504 оқушы қатысты.
Қыздар арасында волейбол ойынының қорытындысы бойынша
1 орын – № 16 орта мектебі;
2 орын – № 3 мектеп-гимназиясы;
3 орын – № 57 орта мектебі.
Ұлдар арасында лига жарысына 47 команда, 564 оқушы қатысты.
Ұлдар арасында волейбол ойынының қорытындысы бойынша
1 орын – № 16 орта мектебі.
2 орын - № 4 мектеп-гимназиясы;
3 орын – № 37 мектеп-лицейі.
Құттықтаймыз!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/281-volejboldan-ltty-mektep-ligany-ojyndary-aya-taldy-2.html#sigFreeId48aacdadae