"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері арасында футзалдан "Алға" турнирі

2022 жылғы ақпан - наурыз айларында №56 мектеп-лицейінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері арасында футзалдан дәстүрлі "Алға" турнирі өткізілді.

Турнирге «Есіл», «Байқоңыр», «Алматы», «Сарыарқа» аудандарының, «Кәсіп» және «Өркен» командалары қатысты. Турнир 40 жастан асқан және 40 жасқа толмаған спортшылар арасында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: (40 жастан асқан және 40 жасқа толмаған спортшылар арасында нәтижелерді ескере отырып).

1 орын – «Есіл» командасы

2 орын – «Алматы» командасы

3 орын – «Кәсіп» командасы

4 орын – «Өркен» командасы

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және үздік ойыншылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.