Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 11-15 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасы екінше рет өткізілді.
Олимпиадаға - Нұр-Сұлтан қаласының, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан облыстарының 5-6,7-8 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында Нұр-Сұлтан қаласының № 6 мектеп-гимназиясының командасы І орынға ие болса, ІІ орынды - № 59 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды.
7-8 сынып оқушылары арасында № 59 мектеп-лицейінің командасы І орынға ие болса, ІІ орынды - № 5 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды
Біздің оқушыларды, сондай-ақ осы мектептердің дене шынықтыру мұғалімдерін осы жетістікпен құттықтаймыз.
Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру мұғалімдері мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өткіміз келеді. Республикалық Олимпиаданы сапалы өткізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, Олимпиаданың төрешілігіне көмек көрсетті.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/322-o-ushylar-olimpiadasy-2.html#sigFreeId1d5598a444