"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Біз біргеміз» атты жарыстар өтті

2022 жылғы 12-13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының №56 мектеп-лицейінде, 7-8 сыныптағы ұлдар мен қыздар оқушылары арасында дойбыдан қалалық турнир өтті. Жарысқа 8 мектептің командалары қатысты.

Қыздар арасындағы нәтиже:

I- орын Өнербай Ақжан №89 МЛ;

II- орын Сайлау Амина № 48 МЛ;

III- орын Төребек Нұрайлым № 80 МГ.

Ұлдар арасындағы нәтиже:

I- орын Қаныбек Нұрасыл - «Бином» мектебі;

II- орын Нұрәлім Тамерлан № 76 МЛ.

ІІІ - орын Шалқар Жассәби № 48 МЛ.

2022 жылғы 12-13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «Арқа Алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында, 9-16 жас аралығы ұлдар мен қыздар оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті. Жарысқа 15 мектептің командалары қатысты.

Командалық есепте 1 орын - «Бином» мектебі, 2 орын - № 78 МЛ, 3 орын - 90 МЛ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының грамоталарымен марапатталды.