Байқау салауатты өмір салтының отбасылық құндылықтарын тәрбиелеу және денсаулықты нығайту тәсілдері, зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы білім алушылардың түсінігін жүйелеу арқылы оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру үшін, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды танымал ету және жағдай жасау мақсатында Балалар жылына және Халықаралық отбасы күніне арналған «Көңілді рух және сау дене, спортпен айналысу-қажетті іс!» оқушылардың эссе қалалық байқауы 2022 жылғы 12 мамырда өткізілді.
Байқауға № 2, 5, 8, 14, 18, 20, 27, 28, 32, 35, 37, 42, 43, 58, 59, 62, 80, 86 мектептердің 7-9 сыныптарынан 34 оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары келесі критерийлер бойынша анықталды:
- Негізгі тақырыпты ашу
- Өз ұстанымын ұсыну және түсіндіру
- Берілген пікірлер мен дәлелдердің сипаты мен деңгейі
Байқау қорытындысы бойынша естелік дипломдардың иегерлері болып ең жоғары тең балл жинаған мектеп оқушылары:
Қазақ тілінде:
1 место- Нұрбиби Маратқызы- № 42 мектеп
2 место- Аружан Есенгелді -№ 8 мектеп
3 место- Кәусар Шырынбай - № 86 мектеп
Белсенді қатысқаны үшін - Айым Абдиханова - № 8 мектеп
Орыс тілінде:
1 место- Колесникова Диана- № 59 мектеп
2 место- Жуйкова Полина- № 14 мектеп
3 место- Тажмурат Алина- № 5 мектеп
Белсенді қатысқаны үшін - Иванова Дарья- № 14 мектеп