2022 жылдың 1 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Астаналық саябақта» «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, бес асық, асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру) жарыстар өткізді. Жарысқа қатысушыларды қамту 500-ден астам баланы құрады.
Мектептерде «Дидарлы жаз-2022» жазғы спорт және ойын алаңдарының ашылуына орай 5-6 сыныптарда оқитын 1700-ден астам оқушы арасында «Халық добы» ойыны бойынша мектепішілік турнирлер ұйымдастырылды.
«Жас тарлан» әскери-спорттық орталығында 80-нен астам оқушының қатысуымен «Айбынды маусымның» ашылуы өтті.
«Тарлан Аренада» (9-14 жас) қыздарға арналған «Футболдағы балаларды қорғау саясаты» жобасы аясында «Менің ойыным» футбол фестивалі өтті. Фестивальге №2,16,20,25,26,37,43,56,58,61,80,83,88 мектептерінен 173 оқушы қатысты.
Қалалық № 37,56,85,8 мектептерінің спорт алаңдарында мектеп оқушылары шағын футболдан және 3х3 баскетбол бойынша аудандық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Жарысқа қатысушыларды қамту 200-ден астам баланы құрайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысушыларды қамту 2653-тен астам баланы құрады.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/338-arnal-an-merekelik-is-sharalar-turaly-a-parat-khaly-araly-balalardy-or-au-k-nine-oraj.html#sigFreeId8563ac16d8