"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Мектептегі дене тәрбиесі: жағдайы, мәселелері, ұсынымдар» тақырыбында тамыз кеңесі өтті

2022 жылғы 22 және 23 тамыз күндері М.Шоқай атындағы № 51 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өркен” балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Cұлтан қаласы білім беру ұйымдарының тамыз конференциясы аясында дене шынықтыру және бастапқы әскери және технологиялық дайындығы бойынша мұғалімдерінің секциясы өтті. Аталған шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығының» қызметкерлері қатысты.